«PROFSTART» жобасы аясындағы тоғызыншы күнБүгін колледжімізде «PROFSTART» жобасының тоғызыншы күні қызықты әрі танымдық форматта өтті. Іс-шараға қатысқан 7–8 сынып оқушылары қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы заманауи бағыттармен танысты. Оқушыларға «Менің алғашқы кафем» тақырыбында презентация ұсынылып, жеке кәсіп ашудың алғашқы қадамдары, кафе тұжырымдамасын құру және оны дамыту жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар мәзір әзірлеу және QR-код жасау бойынша тәжірибелік жұмыстарға қатысып, цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығымен танысты. «Restaurant Business» іскерлік ойыны барысында оқушылар мейрамхана бизнесін басқару, клиенттерге қызмет көрсету және командалық жұмыс дағдыларын дамытты.Іс-шара оқушылардың кәсіпкерлік қабілеттерін арттырып, болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын оятуға бағытталды. Қатысушылар белсенділік танытып, жаңа білім мен пайдалы тәжірибе жинақтады.