27.03.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде "1 наурыз азаматтық қорғаныс күніне" орай колледжде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, алғашқы көмек көрсету және дұрыс әрекет ету жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – студенттердің төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру.